сенбі, 6 желтоқсан, 2025 0:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 қыркүйекке дейін 500 мың оқушыға әлеуметтік көмек көрсетіледі

1 қыркүйекке дейін 500 мың оқушыға әлеуметтік көмек көрсетіледі
Pixabay.com
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Осыған орай мемлекет аз қамтылған және мұқтаж отбасылардың балаларына қолдау көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Жаңа оқу жылы қарсаңында мемлекеттің қолдауына мұқтаж балалардың барлығына дер кезінде материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр ол үшін биыл 23 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты көзделгенін атап өтті. Бұл кемінде 500 мың баланы әлеуметтік қолдауға мүмкіндік береді.

«Өңір әкімдері осы жұмысты бақылауға алсын. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге 1 қыркүйекке дейін барлық оқушыны оқулықтардың толық жиынтығымен қамтамасыз етсін. Мектептегі тамақтандыру сапасы балалардың денсаулығы мен дамуы үшін маңызды бағыт саналады. Денсаулық сақтау министрлігі мен өңір әкімдіктері тамақтандыру стандарттары мен санитариялық нормалардың сақталуына бақылауды күшейтуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар