жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

10 мыңнан астам адам қатысқан «Jańa Dala / Green Day ‘2025» көрмесі өз жұмысын сәтті аяқтады

10 мыңнан астам адам қатысқан «Jańa Dala / Green Day ‘2025» көрмесі өз жұмысын сәтті аяқтады
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Елдегі ең ірі агроөнеркәсіптік көрме-демонстрация — «Jańa Dala / Green Day ‘2025» өз жұмысын аяқтады. Көрме бірқатар рекордтарды жаңартып, елдегі аграрлық инновациялардың жетекші алаңы ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Ақтық» агрофирмасы» АҚ демонстрациялық алқаптарында ұйымдастырылған дәстүрлі Дала күніне 10 мыңнан астам фермер, агроқұрылым басшылары, агрономдар, ғылыми мекемелер мен салалық бірлестіктер өкілдері, сондай-ақ шетелдік делегациялар қатысты.

383 гектардан астам аумақта іс-шара тарихындағы ең ауқымды ауыл шаруашылығы техникасының экспозициясы ұсынылды – 500-ге жуық заманауи техника мен құрал-жабдық көрсетілді. Қонақтар тракторлардың, тұқым сепкіштердің, бүріккіштердің және басқа да техникалардың соңғы үлгілерінің жұмысын тікелей бақылай алды.

Көрменің маңызды оқиғаларының бірі – асыл тұқымды ірі қара малдың аукционы болды. Мұнда жаңа рекорд орнатылды: Qazaq Aqbas тұқымының 17 айлық бұқасы «Жойқын» 6 млн теңгеге сатылды.

«Үздік бұқа» аталымында абсолютті чемпион атағын Ангус тұқымының «Maverick» есімді өкілі жеңіп алды. Оның иелеріне «Агротехменеджмент» компаниясы жаңа трактор табыстады.

Ұйымдастырушылардың бастамасымен көрмеге Астана қаласы мен Ақмола облысынан 500-ден астам мектеп оқушысы қатысты. Жас қонақтар үшін экскурсоводтар мен шеберлік сабақтары бар танымдық бағдарлама әзірленіп, естелік сыйлықтар тапсырылды.

Көрме аясында заманауи агробизнестің негізгі бағыттары: ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, инновациялық технологиялар мен агрохимия, сондай-ақ «Табысты гектар» жобасы ұсынылды.

Айта кетейік, 31 шілде мен 1 тамыз аралығында Қостанай облысындағы «ШҚ Восток-1» және «Агрофирма Қарқын» ЖШС алқаптарында халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-демонстрациясы — «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» өтеді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар