«100 грамм конякты тартып жіберемін»: Әлішер Кәрімов сахнаға ішімдік ішіп шығатынын айтты
- авторИндира Тәліпқызы
- 26 маусым, 2024
- 706
Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлишер Каримов Асхат Садырбайдың Media youtube-арнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Сахнаға ішіп шығатын кездерім жиі болады. Әсіресе жеке концертімді берген уақытта. Бір қаладан екінші қалаға ұшу оңай емес. Дауыс отырады. Суық тиіп қалады. Сол кезде 50 немесе максимум 100 грамм конякты тартып жібересің. Оған мас болмайсың, тек дауысың ашылып, көздерің жанып тұрады. Демек, бұл кезде фонограммасыз сахнаға шығасың деген сөз. Мұны көрермендер кешіреді деп сенемін», -деді ол.
Сондай-ақ әнші сахнаға удай мас болып шығып, өнер көрсететін әріптестерін сынға алды.
«Мен сахнаға мас болып шығуға қарсымын. Ал сахнаға удай мас болып шығатын әншілер өздеріне сенімсіз шығар... Басқа не айтуға болады? Білмеймін. Сахнаға ішіп шығып, боқауыз сөз айту өнеге емес. Біз жастарға үлгі болуымыз керек. Шынымды айтсам, соңғы уақытта спирттік өнімдерді мүлде азайтып жүрмін. Себебі, мен спорт пен дұрыс тамақтануға көштім», -деді әнші.
Ұқсас жаңалықтар
«Тұман мен қар». Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
- авторМағжан Орынбасар
- 25 қараша, 2024
Астана мен Сербия арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қараша, 2024