сәрсенбі, 29 қаңтар, 2025 3:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«13 көлік пен 75 миллион теңге тәркіленді». Шымкенттік отбасы үйінде алкоголь өндірген

«13 көлік пен 75 миллион теңге тәркіленді». Шымкенттік отбасы үйінде алкоголь өндірген
Көрнекі фото - ҚМА
Заңсыз жолмен өндірілген өнім Жамбыл облысында да сатылған

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті суррогаттық алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цех қызметінен алынған қылмыстық кірістерді жасыру және заңдастыру схемасын анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тергеу барысында 2022 жылдан бастап ерлі-зайыпты Қарсеновтар қолдан жасалған акциздік маркаларын және этил спиртін пайдаланып, заңсыз алкоголь өнімдерін өндіруді ұйымдастырғаны белгілі болған.

Деректерге сүйенсек, өнім Шымкент қаласында ғана емес, сондай-ақ көршілес Түркістан және Жамбыл облыстарында да сатылған.

- Тінту барысында 9 мың литрден астам этил спирті, 24 мыңнан астам жалған акциз маркалары, әртүрлі маркалы дайын алкоголь өнімдері және 75 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат тәркіленді. «Follow the money» принципі бойынша жүргізілген қаржылық тергеу нәтижесінде жасырын цехтың 309 млн теңгеден астам сомадағы барлық қылмыстық кірістері анықталды. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдіктілер жалпы құны 234 млн тенгені құрайтын 13 қымбат көлік («Toyota Land Cruiser 300», «ZEEKR 001», «KIA K8», «Hyundai Grandeur», «VOLVO» және т.б.) сатып алған, тәркілеуден жасыру мақсатында олардың бір бөлігін жақын туыстарына рәсімделген,- делінген хабарламада.

Көлеңкелі кәсіп істегендерге 5 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаоған.

- Сот үкімімен аталған тұлғалар заңсыз кәсіпкерлік (ҚК 214-бабының 2-бөлігі, 2-тармағы), акцизделетін тауарлардың таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу (ҚК 233-бабының 2-бөлігі), қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру (ҚК 218-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы) бойынша кінәлі деп танылды. Сот оларға 5 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа сатып алынған 13 көлік пен 75 миллион теңге тәркіленді,- деп түсіндірді агенттіктің баспасөз қызметі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар