Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді Республика күніне орай құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 27 қаңтар, 2025
- 479

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті.
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге достас Үндістан халқының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Президент берік достық байланыстар мен стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-үнді қатынастарының ерекше сипатына назар аударып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді,- делінген хабарламада.
Келесі мақала