сәрсенбі, 29 қаңтар, 2025 11:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде шетел валютасына сұраныс төмендеді

Елімізде шетел валютасына сұраныс төмендеді
Ашық дереккөз
Қазақстанда шетел валютасына сұраныс желтоқсанда 27%-ға төмендеп, рубль мен еуро сатылымы азайды

Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылдың желтоқсанында айырбастау пункттерінде 176 млрд теңгеге шетел валютасы сатылған, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz 

Бұл қараша айындағы 228 млрд теңгеден 27%-ға кем. Ал 2022 жылмен салыстырғанда сұраныс 34,8%-ға қысқарған.

Рубль бойынша жағдай ұқсас. Қазақстандықтар ресейлік валютаны сатып алудан гөрі сатуды жиілеткен. Желтоқсан айында айырбастау пунктеріне 4,4 миллиард теңгеге рубль өткізілген, ал қазан айында бұл көрсеткіш 8,8 миллиард теңге болған.

Еуроға да сұраныс төмендеген. Қараша айында 22,9 миллиард теңгеге еуро сатып алынса, желтоқсан айында бұл көрсеткіш 18,4 миллиард теңгеге дейін қысқарған.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар