жексенбі, 7 шілде, 2024 5:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

19 миллионыншы қазақстандықтың отбасына қандай сый берілді?

19 миллионыншы қазақстандықтың отбасына қандай сый берілді?
ашық дереккөзі
19 миллионыншы қазақстандықтың отбасына қандай сый берілді?
Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны болған Жания Азаматқызының отбасына бағалы сыйлықтар табысталды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев Жанияның үйіне ата-анасын жеке құттықтау үшін барған. Айтулы оқиғаның құрметіне Жанияның отбасына бір миллион теңгенің сертификаты сыйға тартылған. Сондай-ақ, нәрестеге арба, балаға күтім жасауға арналған заттар мен жеміс-жидек салынған себет табысталған. Сонымен қатар, Жанияның екі үлкен әпкесі де шенеуніктерден смартфон сыйға алған.  />

Еске салайық, кеше, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны <a href=19 миллионға жеткенін хабарлаған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды. Кейін он тоғыз миллионыншы қазақстандық қыздың анасы Назгүл Көбентаева Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, баланың қазіргі жағдайы мен қуанышты хабарды қалай қабылдағанын айтып берді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар