2024 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: Адам құқықтары саласындағы реформалар
- авторБақытжан Бекболат
- 29 тамыз, 2025
- 507
Қазақстанда әділ сот төрелігін қамтамасыз ету және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауы мен басқа да тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберіндегі маңызды қадам.
Әділет министрлігі адам құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде. Кемсітушілікке қарсы іс-қимыл, осал топтарды қолдау және әділ сот төрелігін нығайтуға арналған жаңа механизмдер әзірленіп, енгізілуде. Қазақстандық бастамалар халықаралық деңгейде қолдау тауып, еліміздің құқықтық мемлекет ретіндегі беделін арттырады.
«Осылайша, "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, атқарушылық іс жүргізу тараптарының әрқайсысы сот төрелігін жүзеге асыру кезінде болжамды, заңды жағдайға және дауларды шешудің өзге де тәсілдеріне сенімді болған кезде әділ заңдардың қабылдануы ғана емес, олардың сапалы орындалуы да қамтамасыз етілетін болады», — деп атап өтті Ерлан Сәрсембаев.
Үкіметтің қабылдаған шаралары мемлекеттің «Заң және тәртіп» біртұтас және тиімді жүйесін құруға бағытталғанын көрсетеді. Бұл жүйе заманауи технологияларға, заңнаманы жетілдіруге, қоғамның белсенді қатысуына және құқық бұзушылардың қатаң жауапкершілігіне сүйенеді.






