Елімізде
Тоқаев: «Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуымыз керек»
- авторБақытжан Бекболат
- 29 тамыз, 2025
- 470
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев X парақшасында жазды.
Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев X парақшасында жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол бүгін, 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық әрекет күні екенін еске салды.
– Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар, – деп жазды Президент.






