Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді
Қаржы министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құжатқа сәйкес, келесі жылдан бастап негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жаңа мөлшері бекітіледі:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;
Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
2026 жылдан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалатын зейнетақы төлемдері 10%-ға артады.
Сондай-ақ мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын жарна мөлшері есептеу объектісінің 2%-ы болып белгіленбек.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
«Заң мен тәртіп»: Олжас Бектенов ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2025
Елімізде
Қысқы демалыста қайда баруға болады? Шығыс Қазақстан облысындағы ТОП-7 бағыт
- авторБақытжан Бекболат
- 25 желтоқсан, 2025






