ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті өткен және биылғы жылдың сегіз айын салыстырып, интернет-алаяқтық деректерін талдады. 2025 жылы алаяқтардың арбауына жастардың жиі түскені анықталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2024 жылы 18 бен 30 жас аралығында екі мыңға жуық жәбірленуші болса, биыл олардың саны үш мыңға жетті. 60 жастан асқан адамдар да жиі алданады. Бұл жастар мен қариялардың осал топқа жататынын көрсетеді.
- Интернет-алаяқтық жасауға "дроптар" да қатысады. Олар әртүрлі себеппен өз карталарын алаяқтарға беретін адамдар. Осылайша алаяқтар шоттағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырады. Еске саламыз, 15 қыркүйектен бастап, Қылмыстық кодекстегі өзгерістер күшіне енеді. Енді банк картасын алаяқтарға берген адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Әсет Жүкенов.
2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






