дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

34 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды

34 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды
Ашық дереккөз
Ол оныншы нәрестесін орталықта кесарь тілігі арқылы босанған

Шымкенттік келіншек Азиза Қалиева оныншы перзентін дүниеге әкелген. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo. kz
1990 жылы туған көпбалалы ана ұлын қалалық перинаталды орталықта кесарь тілігі арқылы босанды. Нәрестенің салмағы - 4900гр. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Мамандандырылған көмек түрлерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мұнда ішкі ағзалар ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота жасалды.
Перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей туылған 707 нәресте және 96 егіз бар.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар