44 жылдық ұшақтармен науқастарды тасымалдау – депутат Көлік министрін сынады
- авторБақытжан Бекболат
- 8 қазан, 2025
- 335
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Темір Қырықбаев Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа жолдаған депутаттық сауалында ескірген әуе техникасының қолданылуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, Қазақстанда 1981 жылы өндірісі тоқтаған Як-40 ұшақтары әлі де пайдаланылып келеді. Бұл ұшақтардың жасы 44 жылдан асқан, қозғалтқыштары мен қосалқы бөлшектері шығарылмайды. Ал Еуропада мұндай әуе кемелерін қолдануға 2002 жылдан бері тыйым салынған.
Соған қарамастан, елімізде бұл ескі ұшақтар санитарлық авиация саласында – яғни науқастарды тасымалдау үшін қолданылады. Депутат мұны адам өміріне елеулі қауіп төндіретін жағдай деп атап өтті.
Темір Қырықбаев Көлік министрлігінен қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін әуе кемелерін пайдалануды тоқтатып, олардың орнына халықаралық стандарттарға сай заманауи ұшақтарды енгізуді ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






