сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 6:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«654 алтын бұйымды ұрлаған». Елордада шетелдік азаматтар ломбарды тонап кеткен

«654 алтын бұйымды ұрлаған». Елордада шетелдік азаматтар ломбарды тонап кеткен
ҚР ІІМ
Жалпы келтірілген шығын 45 миллион теңгеден асады

Елордада шетелдік азаматтар ломбарды тонап кеткен,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Polisia.kz сайтының дерегінше, тергеу барысында бес адамнан тұратын топ қылмысты алдын ала мұқият жоспарлағаны анықталған.

  • "Қаскөйлер ломбардтың кілтін алып, ондағы қызметкер түскі үзіліске шыққан сәтті күткен. Одан соң олар ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Күдіктілер оқиға орнынан қашып, қаладан ізін суытып, елдің батыс аймағына бет алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады, онда олар тұрғын үйді жалға алуға тырысты. Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екендігі анықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта олар қамауда. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар