Ақмола облысында су тасқынында үйінен айырылған азаматтар тамызда баспаналы болады
- авторjambylinfo.kz
- 8 мамыр, 2024
- 508
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен су тасқыны салдарын жою бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында Қанат Бозымбаев Ақмола облысының баспанасыз қалған барлық тұрғындарын тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақмола облысында барлығы 1817 үй су астында қалды, оның 359-ы апатты деп танылса, қалған үйлер жөндеуге болатын баспаналар санатына жатады.
«Өңірдегі үйлерді жөндеу мен салуға барлығы 10,5 млрд теңге қажет. Оның 5 млрд теңгесін Kaspi Bank, 1 млрд теңгесін RG Gold компаниялары бөледі. Алдағы уақытта шамамен 4 млрд теңге табу қажет. Әкімдіктің алдына 15 тамызға дейін су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысының барлық тұрғындары жөнделген және жаңадан салынған немесе сатып алынған үйлерге кіруі тиіс деген міндет қойылды. Жұмыс кестесі бар, мердігерлер анықталып, барлық тиісті қаражат бөлінетін болады», — деді вице-премьер Қанат Бозымбаев.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды су басқан аймақтардан көшіру үшін Атбасар ауданының Атбасар қаласында 45 пәтерлі екі тұрғын үй салу жоспарлануда.
Сонымен қатар Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 жеке үй салынбақ.
«Біз ТЖ режимі жарияланған өңірлерде: Көкшетауда - 89, Жарқайың ауданында - 27, Есіл ауданында – 22, Астрахан ауданында – 34 және Жақсы ауданында - 10 дайын пәтер мен үйлері сатып алатын боламыз. Қауіпсіз аймақта барлығы 182 үй сатып алу жоспарланып отыр», — деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ жергілікті билік облыстың жол және инженерлік инфрақұрылымын қайта жаңғыртуы керек. Бұл мақсаттарға Үкімет резервінен қаражат бөлінеді. Вице-премьердің тапсырмасы бойынша автожолдарды, көпірлер мен электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары шілде айында аяқталуы тиіс.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024