Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданя Сарыарқа ауылы маңында тікұшақ жанып, бортта болған бір адам мерт болды. Екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға бүгін сағат 11:40–та болды. Хабар 112 нөміріне келіп түскен.
— Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының ауданында тікұшақтың қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әуе кемесі болжам бойынша ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті сөндірді. МИ — 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді, — деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Келесі мақала
Үкімет экомәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2024