Ақтауда балаларының көзінше әйелін аяусыз сабаған ер адам қамауға алынды
- авторИндира Тәліпқызы
- 23 сәуір, 2024
- 701
Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам кішкентай балаларының көзінше әйеліне күш көрсеткен видеосы тараған еді. Қазіргі уақытта ол ұсталып, полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Маңғыстау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қарсы қылмыстық із қозғалды. Қалған мәлімет тергеу мүдессіне сәйкес жария етілмейді,”- деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 22 сәуір күні Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам кішкентай балаларының көзінше әйелін аяусыз соққыға жыққан видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Видеода ер адам әйелінің қолын қайырып, екінші қолымен оның аузын жауып тұрғанын байқауға болады. Жазбада келіншектің айғайлаған, балалардың жылаған дауысы естіледі.