Жамбыл облысында су тасқынының алдын алу бойынша ауқымды оқу-жаттығу өтті
- авторjambylinfo.kz
- 23 сәуір, 2024
- 515
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің шұғыл тапсырмасы бойынша кеше Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т. Рысқұлов және Қордай аудандарында су тасқынының, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды оқу-жаттығу ұйымдастырылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Шара барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштерінің, жеке құрамнан құрылған шұғыл әрекет ету жасағының, техникалар мен су сору құрылғылардың дайындығы іс жүзінде тексерілді.
«Шара барысында анықталған бірқатар кемшіліктерді жою, жұмыстарды күшейту бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктелді. Жалпы, облыс бойынша оқу-жаттығу жұмыстарына 618 адам, 192 техника тартылды. Айта кетейік, «Қазгидрометтің» ақпаратына сүйенсек, 2024 жылдың 23 мен 26 сәуір аралығында өңірде қатты жауын-шашын жауады деген болжам бар.
Осыған байланысты облыс әкімі жауаптыларға су басу қаупі жоғары аймақтарды жіті зерделеп, шұғыл әрекет ету жасағының дайындығын пысықтауды тапсырған болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз