Ақтауда бес баланың әкесі эпилепсиямен ауыратын қызды зорлаған
- авторjambylinfo.kz
- 17 сәуір, 2024
- 937
Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жазған. Оның айтуынша, бес баланың әкесі 13 жасар қызды бірнеше рет соттаған.
«Біз істің мән-жайымен танысып, қыздың жауаптарымен танысқанда, төбе шашымыз тік тұрды. Ол қызды бірнеше рет зорлаған. Қыз талма ауруына шалдыққан. Қыздың жақындары мен ата-анасының арқасында, тергеу аяқталған. Бірнеше сот отырысы өтті. Жақындарының айтуынша, күдіктінің адвокаты қыздың анасын қорқатып, ата-ана құқығынан айырамын деген. Ер адамның өзі 13 жасар қызды да солай қорқытып келген», - дейді Дина Таңсәрі.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын заңға қол қойды. Жаңа ереже бойынша енді кәмелет жасына толмаған балаларды зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз