сейсенбі, 17 ақпан, 2026 21:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтауда мерзімді әскери қызметші қайтыс болды

Ақтауда мерзімді әскери қызметші қайтыс болды
gov.kz
ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі мен Бас прокуратураның баспасөз қызметі Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болған қайғылы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қайтыс болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған дерек бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"2026 жылғы 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.

Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда осы іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды.

Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды.

Сонымен қатар аталған жағдайға қатысты ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі де ресми мәлімдеме жасады.

"17 ақпанда Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде Құрлық әскерлері «Батыс» өнірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаруды пайдалану барысында оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.

Осы факті бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазіргі таңда Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетіледі", – деп хабарлады Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар