сейсенбі, 17 ақпан, 2026 23:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Үздік 100 студент» республикалық конкурсы басталды

«Үздік 100 студент» республикалық конкурсы басталды
Оқу-ағарту министрлігі
Ауқымды жоба білімімен, кәсіби шеберлігімен және қоғамдық белсенділігімен дараланған студент жастарды анықтап, олардың жетістігін республика көлемінде кеңінен насихаттауға бағытталған

Елімізде «Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, конкурс жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің имиджін нығайтуға, жастардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға және олардың кәсіби өсуіне нақты мүмкіндік жасауға бағытталған.

Байқауға еліміздің барлық өңірлеріндегі колледж студенттері қатыса алады. Атап айтқанда, WorldSkills чемпионаттары мен кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары мен қатысушылары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының және волонтерлік қозғалыстардың көшбасшылары, инновациялық идеялар мен стартап-жобалар авторлары, ғылыми конференциялар мен олимпиадалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ шығармашылық ұжымдардың белсенді мүшелері үміткер бола алады. Соңғы үш жыл ішінде осы байқаудың жеңімпазы атанған студенттер қайта қатыса алмайды.

Конкурс 3 кезеңнен тұратын болады. Бірінші кезең- колледжішілік іріктеу. Әр білім беру ұйымы 5 кандидаттан артық ұсына алмайды. Бұл кезеңде үміткерлердің оқу жетістіктері, кәсіби табыстары және қоғамдық белсенділігі сараланады. Екінші кезең өңірлік деңгейде өтеді. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан 10 үздік үміткер іріктеліп, олардың жетістіктері кешенді бағалаудан өтеді. Үшінші кезеңде республикалық финал қорытындыланады. Қорытынды іріктеу «TOP-100 STUDENTS» интернет-ресурсында өткізіліп, елдің 100 үздік колледж студенті айқындалады.

 

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар