Күні кеше оқиға орнына Ресейден делегация келген еді
Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге шығарып салды, деп хабарлайды деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыс әкімдігінің ақпаратынша, 25 желтоқсанда Ақтауға Ресейден ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін медицина қызметкерлер мінген борт ұшып келген болатын. Бүгін, 26 желтоқсанда олар түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 отандасымен бірге елдеріне қайтты.
"Ресейлік делегацияны Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары мен жастар ақ тілектерін айтып, шығарып салды",- делінген әкімдік ақпаратында.
Айта кетейік, жарақат алғандардың барлығына Ақтаудағы ауруханаларда қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Келесі мақала
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2024