дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Абай облысында жалған дипломмен басшы қызметін атқарған азамат анықталды

Абай облысында жалған дипломмен басшы қызметін атқарған азамат анықталды
Sputnik / Болат Шайхинов
Бұл туралы прокуратура мәлімдеді

Абай облысында жалған дипломмен жұмысқа орналасқан  «Семей орманы» МОТР қызметкерлері анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Деректерге сүйенсек, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерлерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.

  • Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды,- делінген хабарламада.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар