Елімізде
«Қар мен жаңбыр, боран». Бүгін ауа райы қандай болады
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қараша, 2024
- 432
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады
«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 15 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан Республикасының көп бөлігінде қар жауады.
- Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, елдің солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024