Елімізде
Абай облысында жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдер табылмай жатыр
- авторИндира Тәліпқызы
- 9 сәуір, 2024
- 1.2k
Абай облысының орталығында 7 сәуір күні бір үйдің 2 баласы жоғалып кетті. Өкінішке қарай, жасөспірімдер әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Абай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алтынай Әбішева мен Абзал Әбішев 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласы "Восточный левый" кентіндегі жер үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Сол уақыттан бері олар мүлде хабар-ошарсыз.
"Арыз түсе салысымен полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Алтынай 18 жаста. Бойы 160-165 см, дене бітімі арық, шашы қара. Тізеге дейін жасыл күртке, қара түсті футболка мен кроссовка киген. Ал 16 жастағы Абзалдың бойы 175-180 см, дене бітімі арық, шашы ашық түсті, оң көзінің астында тыртық бар", - делінген ақпаратта.
Осы ретте, тәртіп сақшылары оларды көргендерден немесе қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Келесі мақала
Балжан Бидаш: Мен де, ағам да қатты шаршадық...
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024