бейсенбі, 4 шілде, 2024 14:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Африкалықтарды билеткен». Әнші Заттыбек Көпбосынұлы блогер Қайсарға алғыс айтты

«Африкалықтарды билеткен». Әнші Заттыбек Көпбосынұлы блогер Қайсарға алғыс айтты
Сурет: видеодан скриншот
Өйткені өнер иесінің туындылары трендке айналуына блогердің септігі тиген

Эстрада әншісі Заттыбек Көпбосынұлы блогер Қайсар Қамзаға алғыс айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Өнер иесі Хабарlike бағдарламасына берген сұқбатында әндерінің тренд төріне шығуының сырын айтты. 

"Негізі жастардың көбі қазір батыстың әндеріне еліктеп жатыр дейміз. Жастық шақта ол заңдылық шығар. Бірақ түбі бір қазақы әндерді тыңдайтын, қазақы әндерді іздейтін жасқа келеді. Себебі, оның қанында қазақылық бар",- деді ол.

Сонымен қатар, Заттыбек Көпболсынұлы қазір әлеуметтік бейнежазбалары қатты таралып жатқан блогер Қайсар Қамзаға алғыс айтты. Өйткені, тиктокер Африка жұртын осы әншінің әндеріне билетіп жүр. 

"Осы эфирді пайдаланып Қайсар деген бауырымызға рақмет айтқым келіп тұр. Сонау Африкиға әнімді алып барды",- деді Заттыбек Көпбосынұлы.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар