Елімізде
"Алакөлде қалып кеткен". Жетісуда 25 балықшы құтқарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қаңтар, 2025
- 1.0k
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Алакөл ауданында мұз үстіне шығып кетіп, жағаға жете алмай қалған 25 балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- Алакөл көлінде Ақши ауылы мен Көктұма ауылы арасында мұз жарылып, 25 балықшы жағаға жете алмаған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қайықпен оларды жағаға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген хабарламада.
ТЖМ қатпаған мұз үстіне шығудың адам өмірі үшін өте қауіпті екенін, қыс мезгілінде көл бетіне шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025





