"Сақ болыңыз": ҰҚК ел азаматтарына ескерту жасап отыр
- авторМағжан Орынбасар
- 18 шілде, 2024
- 519
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазіргі уақытта алаяқтық әрекет фактілері жиілеп кеткенін мәлімдеді. Тіпті онда шабуылдаушылар күштік құрылымдардың, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшыларының атынан азаматтарға жүгініп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алаяқтар телефон қоңырауын шалып немесе өздерінің мүддесі үшін қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштері немесе талаптары бар мәтіндік хабарламалар жібереді екен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені тәрізді,сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келетінін айтады.
Кейбір мекемелерге ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттар да жіберілетін көрінеді.
- ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ. Егер сіз немесе танысыңыз осындай жағдайда тап болса, тез арада әңгімені/хат жазысуды тоқтатуы және 102 телефоны бойынша полицияға жүгінуі тиіс,- делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024