жұма, 20 қыркүйек, 2024 17:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Маңғыстауда есірткі тасу үстінде ұсталған өзбек жігіті тауарын жұтып қойған

Маңғыстауда есірткі тасу үстінде ұсталған өзбек жігіті тауарын жұтып қойған
Фото - ашық дереккөзден
Факт «Тәжен» кеден бекетінде анықталды

Маңғыстау облысында есірткі тасу үстінде ұсталған өзбек азаматы тауарын жұтып қойған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Деректерге сүйенсек, «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылған. Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды.  Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.

 

- Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 гр. психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.  Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.
Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде,- делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар