Белгілі әзілкеш Нұртас Адамбаев желідегі парақшасында президенттерден бастап, депутат, министр, спортшылар, журналистер мен әншілерден кешірім сұраған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Нұртас Адамбаев кешірім сұраған адамдардың қатарында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайтов, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Белорус президенті Александр Лукашенко, әнші Димаш Құдайберген, кәсіпқой боксшы Генадий Головкин және еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін бірқатар журналистер бар.
"Шынайы мұсылман дегеніміз – өзгеге тіл де, қол да тигізбеген адам», – деген асыл дініміз. Сондықтан осы аты аталған азаматтарға бір кездері тіл тигізгенім үшін кешірім сұраймын", -деп жазды Нұртас Атамбаев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024