Алдағы бес жылда транзиттік жүк тасымалы екі есеге артпақ
- авторМағжан Орынбасар
- 19 ақпан, 2025
- 216

Елімізде 2030 жылға қарай транзиттік жүк тасымалы көлемін екі есеге арттыру жоспарланған,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2030 жылға дейінгі көлік-логистика әлеуетін дамыту тұжырымдамасы аясында инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты шаралар іске асырылып жатыр. Қазір екі негізгі транзиттік дәліз - Транскаспий халықаралық көлік маршруты мен «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің шығыс бағытына басымдық беріліп отыр.
«2030 жылға қарай Қазақстандағы транзиттік жүк тасымалы көлемін екі еседен астам, 74 млн тоннаға арттыру жоспарланған», - деді ҚР Көлік министрлігі Көлік саясаты департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, теміржол тасымалы бойынша транзиттік тасымал 60% ұлғаяды, контейнерлік тасымал 55% артып, 2 млн контейнерге жетеді, автокөлік транзитінің көлемі 6 есеге, 29 млн тоннаға дейін өседі.