Елімізде
Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ пен қатты жел күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 27 тамыз, 2025
- 446
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді
"Қазгидромет" мәліметінше, 29 тамыздан бастап еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде күн құбылып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
30 тамыз – Конституция күні қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін. Сондай-ақ, оңтүстік-шығыста да жауын-шашын күтіледі. Ал батыс пен солтүстікте алдағы үш күнде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсу ықтимал.
Температура солтүстікте +15...+23 градусқа дейін, орталық пен шығыста +17...+28-ге дейін төмендейді. Оңтүстікте +26...+35, батыста +20...+31, оңтүстік-батыста +27...+35, ал оңтүстік-шығыста +33...+38 градус болады. Таулы өңірлерде +23...+28 шамасында күтіледі.






