Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қазан, 2025
- 508
Ауа райының алғашқы кезеңінде елдің батыс және солтүстік-батыс өңірлері солтүстік-батыс циклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аптаның соңына қарай оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтар фронтальды бөлінулер аймағына еніп, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Елдің қалған бөлігінде солтүстік антициклонның әсері сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика аумағында желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін. Сонымен қатар, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Синоптиктердің болжамынша, батыс және солтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы төмендейді: түнде +3…+11°С-тан –5…+8°С-қа дейін, күндіз +5…+18°С шамасында болады.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта 0…–13°С-тан –3…+3°С-қа дейін жылыну байқалады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 0…+12°С-тан +5…+13°С-қа дейін, күндіз +10…+23°С шамасында ауа температурасы күтіледі.






