жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы халқы үйлеріне орала берсе болады – ТЖД

Алматы халқы үйлеріне орала берсе болады – ТЖД
Алматы тұрғындары жер сілкінісі кезінде далада жүр. Наурыз, 2024 жыл. Сурет тұрғындар чатынан алынды
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар үйлеріне оралса болады деген қорытындыға келді

Сейсмологиялық байқаулар ұлттық ғылыми орталығының  сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы Алматы халқының үйіне баруына болады деген қорытынды шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Комиссияның кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша алдағы күндері Алматы болжамды полигонының аумағында 70%-ға жуық күшті жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін, алайда елеулі қауіп төндірмейтін қайталама дүмпулер болуы мүмкін екенін хабарлайды. Жоғарыда аталған комиссияның шешімі негізінде ТЖД тұрғындардың тұрғылықты жеріне оралуына болады деп санайды», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматы қаласында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қатты дүмпуді сезген қала тұрғындары далаға шығып, қауіпсіз жер іздеген. Бұған дейін бас сейсмолог Дәулет Сәрсенбаев қала халқына сағат 16.00-ге дейін үйге бармаңыздар деген үндеу жариялаған еді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар