Елімізде
Алматы метросын салудағы жемқорлық фактілеріне қатысты жаңа тергеу басталды
- авторjambylinfo.kz
- 7 маусым, 2024
- 676
Дереккөзге сүйенсек, Алматы метросын салу кезде жол берілген заң бұзу фактілері әлі де анықталып жатыр
«Метрополитен» КМК қызметкерлеріне қатысты жаңа сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
«Тексеріс қорытындысы бойынша «Метрополитен» КМК қызметкерлері локомотивтерге арналған бастапқы резеңке серіппелерді 137 млн теңгеге көтерілген бағамен сатып алған. Мұны метрополитеннің аудиторлық есебі де растады, осыған байланысты көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оны қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала