жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысында көкөніс пен жемістерді терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Алматы облысында көкөніс пен жемістерді терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
Pixabay.com
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Алматы облысында көкөніс пен жемістерді терең өңдеуге арналған жаңа заманауи зауыттың құрылысы басталды. Жобаны қазақстандық «Qazaq Global Food JV» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ауқымды бастама аясында Түркияның көкөніс пен жемістерді өңдеу саласындағы жетекші кәсіпорындарының бірі — Göknur Gıda компаниясымен Off-take келісімшарты жасалды. Бұл құжатқа сәйкес түрік серіктесі қазақстандық зауытта өндірілетін алма шырыны концентраты мен басқа да өнімдердің стратегиялық экспорттық операторы болады. Осы арқылы ұзақ мерзімді өткізу нарығы қамтамасыз етіліп, отандық өнімнің халықаралық саудаға шығуына кең мүмкіндік ашылады.

Сарапшылардың айтуынша, жаңа өндіріс орны өңірлік және ұлттық деңгейде бірнеше бағыт бойынша оң әсер береді. Біріншіден, ол бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік нарықты қалыптастыруға ықпал етпек. Екіншіден, ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, сапалы әрі жоғары қосылған құнға ие өнім өндіруге жол ашады. Сонымен қатар, өндірістің іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейін арттырып, шаруалар үшін тұрақты өткізу арнасын қамтамасыз етеді.

Жобаның жалпы құны 9,5 млрд теңгені құрайды. Зауыт іске қосылғаннан кейін ондаған жаңа жұмыс орны ашылып, аймақтың экономикалық дамуына қосымша серпін беріледі деп күтілуде.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар