Спорт
Александр Бублик US Open турнирінің төртінші кезеңіне алғаш рет шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 31 тамыз, 2025
- 448
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Үшінші кезеңдегі тартысты ойын үш сағаттан аса уақытқа созылып, 7:6 (7:5), 6:7 (4:7), 6:3, 6:7 (5:7), 6:1 есебімен Бубликтің жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осылайша, ол алғаш рет 1/8 финалға өтті. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіші — тек үшінші айналым болатын.
Бублик бұл нәтижеге сенімді қадамдармен жетті: әуелі хорват Марин Чиличті (ATP №62) 6:4, 6:1, 6:4 есебімен жеңсе, екінші матчта австралиялық Тристан Скулкейтті (ATP №96) 6:3, 6:3, 6:3 нәтижесімен айқын басымдықпен ұтты.
Айта кетсек, биылғы US Open жеңімпазы рекордтық 5 миллион доллар жүлде алады. Ал Бубликтің Нью-Йорктегі жетістігі оның мансабындағы маңызды белес қана емес, сонымен қатар әлемдік рейтингтегі жағдайына да үлкен ықпал етуі ықтимал.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Әлем чемпионаты: төрт қазақстандық спортшы финалға шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025
Спорт
Темірлан Анарбеков Мбаппені артта қалдырып, рейтингте көш бастады
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






