
Мәжіліс депутаттары Алматы қаласында АҚШ консулдығының ғимаратын салу үшін жер телімін жалға беру жөніндегі Қазақстан-АҚШ үкіметаралық келісімін ратификациялады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құжатқа 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылған.
Келісімге сәйкес, АҚШ үкіметіне 70 593 шаршы метр аумақ 49 жыл мерзімге жалға беріледі. Жалдау ақысы 25,3 миллион АҚШ долларын құрайды және келісім күшіне енгеннен кейін 30 күн ішінде толық төленуі тиіс.
АҚШ үкіметі консулдық ғимарат орналасатын жер учаскесі мен ғимаратқа салынатын салықтардан босатылады. Дегенмен, коммуналдық қызметтерді Қазақстандағы қолданыстағы тарифтер бойынша өзі төлейді.
Консулдық ғимаратының құрылысы мен жабдықталуы үшін АҚШ-та өндірілген материалдар мен жабдықтар пайдаланылады. Бас мердігер ретінде АҚШ компаниясы таңдалып, құрылысқа қажетті материалдар кедендік төлемдерден, импорт салықтарынан және рұқсат алу талаптарынан босатылады.
Бұл келісім екі ел арасындағы дипломатиялық және консулдық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз