Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алатыны белгілі болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
- 715

Биылғы жылдың ақпанындағы Қазақстанның электронды еңбек биржасында ең жоғары жалақы 663 мың теңгеге дейін жеткен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ең жоғары еңбекақыны бас құрылысшылар алған. Оларға аздап жетпей, телекоммуникация саласындағы жоба жетекшілеріне 653 мың теңгеге дейін ұсынылған. Ал өнім әзірлеу мамандарына 625 мың теңгеге дейін жалақы берілген.
Ақпанда ең көп бос жұмыс орнын ақпарат және байланыс саласындағы компаниялар жариялаған – 40,9 мың ұсыныс. Білім беру саласында 26,6 мың, ал денсаулық сақтау саласында 9,3 мың бос жұмыс орны тіркелген.
«Еңбек нарығындағы сұраныс өсіп келеді. Жұмыс берушілердің басым бөлігі жоғары білікті мамандарды іздейді – мұндай мамандар барлық бос жұмыс орындарының 59%-ын құрайды. Орта білікті қызметкерлер 29%-ды, ал біліктілікті қажет етпейтін жұмыстар 12%-ды құрады», – деп хабарлады министрлік.
Жалпы, ақпанда еңбек биржасында 122 мың бос жұмыс орны пайда болды, бұл қаңтармен салыстырғанда 23%-ға көп. Алайда, жарияланған түйіндемелер саны 31%-ға төмендеп, 132 мыңға жетті. Бұл жоғары білікті мамандарға бәсекелестіктің артуы мен негізгі салалардағы мамандарға сұраныстың өсуін білдіруі мүмкін.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз