Елімізде
Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында Covid-19 көбеюде
- авторjambylinfo.kz
- 30 наурыз, 2021
- 629
Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында Covid-19 көбеюде
Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус жұқтырғандар саны көбеюде. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.
Қалықованың айтуынша, алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штамдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ға дейін жоғары.
«Соңғы аптада балалар арасында індетті жұқтыру күрт өсті. Мысалы, 14 жасқа дейінгі науқас балалардың саны 7%-дан 11%-ға дейін ұлғайды. Сондай-ақ, бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру өскенін байқап отырмыз. 1 наурызда 10 жағдай тіркелсе, қазір 55 жағдайға дейін жетіп отыр. Өзге жастағы адамдар арасында вирус жұқтыру бұрынғыдай қалыпта»,- дейді Әсел Қалықова.
Сондай-ақ, ол отбасы мүшелері арасында вирус жұқтыру оқиғасы оқиғасы 34 пайызға артқан. Ал сауда орындарында вирус жұқтыру жағдайы керісінше 22 пайызға дейін азайған.
Еске сала кетейік, Алматы қаласы қазір эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Тұман, жел, боран: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






