Алматылықтар қоғамдық көлікте жол ақысын төлей алмай жатыр. “Оңай” көлік компаниясы ақаудың себебін атады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Компанияның мәлімдеуінше, 9 тамыз күні сағат 23:00-ден бастап Алматы көлік холдингінің желісіне DDOS шабуылы жасалған.
Шабуыл салдарынан автобустардағы төлеу техникасы зақымданғаны айтылды. Кей жолаушыларда жол жүру ақысын көлік карталары, SMS немесе ONAY мобильді қосымшасы арқылы төлеу кезінде мәселелер туындаған.
«Мамандар мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр, қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп атап өтті компаниядан.
Кейінірек Алматы көлік холдингі кемшіліктер жойылғанын мәлімдеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024