Елімізде
Алматыда жеңіл көлік жолда аударылып, төрт адам опат болды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 маусым, 2024
- 455
Жарақат алғандар да бар
Алматы облысындағы тас жолда жеңіл көлік аударылып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қайғылы жағдай 12 маусымда «Алматы-Шелек-Қорғас» тас жолының 105-ші шақырымында орын алған.
"Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.Нәтижесінде төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған жүргізуші мен екі жолаушы Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ПД.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалған.