дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«100 млн теңге несие шығарып беремін»: Дариға Бадықова жарнамалаған Ақнұр алаяқ па

«100 млн теңге несие шығарып беремін»: Дариға Бадықова жарнамалаған Ақнұр алаяқ па
Сурет: видеодан скриншот
Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков мәселе көтерді

Біраз уақыт бұрын көпшілікке танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова есепшоттары бұғатталған адамдарға көмектесетін Ақнұр есімді адамды жарнамалаған болатын. Ал заңгер Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, дәл осы Ақнұр алдап кетті деген адамдар қазір әділдік таппай, өзіне хабарласып жатқанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Дариға Бадықова жарнама жасаған Ақнұр есімді ару «Даму» арқылы «қара тізімге» қарамай, табыс көзін растамай 100 миллион кредит шығарып беремін» деп уәде беріп, бірнеше адамның 500 мың теңгесін алып, қайтармай жүр екен. Қарашадан бері құр уәдеге тойып шаршадық деген бір топ азамат менен дабыл қағуымды сұрады», - деп жазды заңгер.

Оның айтуынша, алданған азаматтар бір-бірімен хабарласып, Ақнұрдың үстінен арыз жазуды көздеп отыр.

«Мәселе мәмілемен шешілер деп Ақнұрдың өзіне де жаздым. Дәлелім бар деп еді әне -міне деп байланысқа шықпай қойды. Кім жарнама жасаса да 10 ойланып 10 толғанып шешім қабылдау керек», - дейді заңгер.



 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар