Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 7 маусым күні Астана уақытымен 08:33-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.
Алматыда жер сілкінісінің сезілу деңгейі шамамен 2 баллды құрады.
Қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Қазақстан мен Армения арасында жаңа әуе рейстері ашылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 21 сәуір, 2026






