Аптаптың беті қайтады: алдағы күндері ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 8 шілде, 2025
- 3.9k
Алайда синоптиктер 10 шілдеден бастап ауа температурасы төмендей бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдағы күндері шілденің аптап ыстығы бәсеңдеп, еліміздің кейбір өңірлерінде салқын ауа мен жауын-шашын байқалуы мүмкін. «Қазгидромет» және халықаралық метеоқызметтердің деректеріне сүйене отырып, 9–10 шілде аралығындағы еліміздегі ауа райының жалпы көрінісін ұсынамыз.
Тараз
Жамбыл облысының орталығында аптап ыстық сәл бәсеңдейді.
9 шілде: күн ашық, +33 °C.
10 шілде: салыстырмалы түрде салқын ауа райы күтіледі, +27 °C.
11 шілде: күн ашық, күндіз +28 °C.
Астана
Елордада күн бұлттанып, жауын-шашын жаууы мүмкін.
9 шілде: күн бұлтты, +24 °C.
10 шілде: жаңбыр жаууы мүмкін, +25 °C.
11 шілде: найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, +28 °C.
Алматы
Алматыда аптап ыстықтан кейін найзағайлы жауын-шашын күтіледі.
9 шілде: күн бұлтты, +28 °C.
10 шілде: күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін, +26 °C.
11 шілде: нөсер жауын күтілуде, +26 °C.
Шымкент
Аптап ыстықтың беті біртіндеп қайтады.
9 шілде: күн ашық, +34 °C.
10 шілде: салыстырмалы түрде салқын ауа райы күтіледі, +29 °C.
11 шілде: күн ашық, +32 °C.
Түркістан
Аптап ыстық сақталады деп күтілуде. Дегенмен ауа температурасы біртіндеп төмендеуі мүмкін.
9 шілде: күн ашық, +34 °C.
10 шілде: күн бұлтты, +29 °C.
11 шілде: күн ашық, +32 °C.
Қарағанды
Орталық аймақтарда күн бұлттанып, жаңбыр жаууы мүмкін.
9 шілде: бұлтты, +23 °C.
10 шілде: жауын-шашынсыз, +24 °C.
11 шілде: өткінші жаңбыр, +26 °C.





