сенбі, 10 қаңтар, 2026 14:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қар, бұрқасын, көктайғақ: Бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қар, бұрқасын, көктайғақ: Бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
istockphoto.com
Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі.

«Қазгидромет» қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тұман

Тұман Жамбыл, Жетісу, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Абай, Павлодар және Қостанай облыстарында күтіледі.

Көктайғақ

Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Қар мен бұрқасын

Солтүстік Қазақстан облысында аздаған қар жауып, төменгі бұрқасын күтіледі.

Желдің күшеюі

Желдің жылдамдығы бірқатар өңірде айтарлықтай күшейеді:

Жамбыл облысында — 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін;

Жетісу облысында, әсіресе Алакөл ауданында — 15–28 м/с;

Алматы облысында — 15–20 м/с;

Солтүстік Қазақстанда — 20 м/с-қа дейін;

Ақмола, Ұлытау, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында — 15–20 м/с;

Ақтөбе облысында — 15 м/с-қа дейін.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар