жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағанды облысында заманауи ветеринариялық пункттер бой көтеруде

Қарағанды облысында заманауи ветеринариялық пункттер бой көтеруде
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қарағанды облысына қарасты Абай ауданының Көксуын ауылдық округінде жаңа модульді ветеринариялық пункт ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл нысан Қазақстан Республикасының 2021–2030 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында бой көтерді. Тұжырымдаманың мақсаты – ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту және ауылдық жерлерде көрсетілетін ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру.

Жобаның негізгі мақсаты – ветеринариялық мамандарға қолайлы еңбек жағдайларын жасау, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту және өңірдегі эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Жаңа ветеринариялық пункт заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бұл үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы малдарына кәсіби деңгейде алдын алу, вакцинация, диагностика, емдеу және жоспарлы тексерулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Аталған ветеринариялық пункт Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ашылды. 2024–2025 жылдары облыстың 12 ауылдық округінде осындай пункттерді салуға 243 миллион теңге бөлінді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар