сенбі, 23 қараша, 2024 6:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағандыда бұрынғы күйеуі балаларының көзінше 52 жастағы әйелді пышақтап өлтірген

Қарағандыда бұрынғы күйеуі балаларының көзінше 52 жастағы әйелді пышақтап өлтірген
Коллаж: jambylinfo.kz
Бұл туралы құқық қорғаушы Серік Беркамалов әлеуметтік желіде жазды

25 сәуір күні Қарағанды қаласында бұрынғы күйеуі 52 жастағы Гүлмира Таймасованы екі баласының көзінше пышақтап өлтірген, деп хабарлайды jambylinfo.kz құқық қорғаушы Серік Беркамаловқа сілтеме жасай отырып.

«52 жастағы Гүлмира Таймасованың артында кәмелет жасына толмаған екі баласы қалды. Гүлмира күйеуімен осыдан 10 жыл бұрын ажырасқан. Бірақ, ол әйелге маза бермеген. Қаза тапқан әйел бұрын бірнеше рет полицияға арыз жазса да, күдікті адам жазадан құтылып, полицияяда танысы бар екенін айтып, мақтанатын еді», - деп жазады құқық қорғаушы.

Оның айтуынша, анасыз қалған балалардың үлкені қыз бала, жасы 16-да, оның бауыры он төрт жаста. Қылмыс болған күні ұлы полицияға телефон шалып, анасын қорғап қалмақ болған. Оқиға орнына келген полиция арызды қабылдап, үйде ұрыс-жанжал болып жатқанын көре отырып, әрекет етпеген. Яғни, адвокаттың жазуынша, екі бала мен әйелді мас күйдегі абьюзердің жанына тастап кеткен.

«Екі сағат өткен соң бұрынғы күйеуі Балтабай Гүлмираны пышақтап, қашып кеткен. Балалары жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем 20 минут жүріп келген. Полиция жедел жәрдемнен ертерек келгенде күдікті оларды өзі қарсы алып, бірге темекі тартқан. Өкінішке қарай, жедел жәрдем әйелді ауруханаға жеткізіп үлгермеген»,-деп жазады автор.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір күдікті қолға түсіп, қамауға алынған. Қылмыстық іс қозғалған.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар