Елімізде
Астана мен Сербия арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 11:16
- 56
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Астана мен Сербия арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия президенті Александр Вучич арасындағы келіссөздерден кейін белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тараптар алдағы уақытта екіжақты сауда-саттық көлемін ұлғайтуға және жеткізілетін тауар түрлерін кеңейтуге ниетті екенін растады.
"Сондай-ақ көлік инфрақұрылымын әртараптандыру және өзара байланысты дамыту, атап айтқанда, Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейстерін ашу маңызды екені айтылды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі хабарламасында.