дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талас ауданындағы тұрғындарды сан соқтырған алаяқ Түркістанда ұсталды

Талас ауданындағы тұрғындарды сан соқтырған алаяқ Түркістанда ұсталды
фото - ашық дереккөзден
Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді

Талас ауданындағы тұрғындарды сан соқтырған алаяқ Түркістанда ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен Түркістан облысының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іздеуде жүрген «Д.Г.» есімді азаматша ұсталды.

Аталған азаматша Жамбыл облысының Талас ауданында жергілікті тұрғындарды алдау арқылы бірқатар мүліктік қылмыстар жасаған. Оның заңсыз әрекеттері салдарынан жәбірленушілерге 2 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

  • Күдікті өз кінәсін мойындап, оған қатысты  «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта Талас аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жариялауға жатпайды,- делінген ресми хабарламада.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар